Мықтылардың арасындағы мықтылар

14.01.2019

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу турнирі аяқталды, онда жеңімпаздар және жүлдегерлер екі кезеңде (екі финалдық ойын күндерде) алған орындардың мөлшері бойынша анықталды. Жағымды жаңалықтан бастайын, 13 жасар Шымкенттік спорт шебері Сарвиноз Мірқадірова тамаша да жаксы ойын көрсетті. Екі мәрте финалға жетіп, онда тартысты шайқаста тәжірибелі Гүлчехра Құсайыноваға (Орал) есесін жіберіп екінші орынды иеленді. Жас және дарынды теннисші қыз 2019 жылды тамаша бастады.

Жеңімпаз болып Гүлчехра Құсайынова атанды. Ол сенімді түрде іріктеу турнирінен өтті, қарсыластарынан басымдылық танытты, құрмет тұғырдың жоғарғы сатысына лайықты түрде көтерілді. Үшінші нәтижені Астаналық Анастасия Лаврова көрсетті.

Ерлер турнирін Қазақстанның қазіргі чемпионы Денис Жолудев (Өскемен) жеңіп алды. Бірінші және екінші ойын күндерінде ол барлығынан мықты болды, елдің ұлттық құрамасында ұстанымын нығайтты. Эрик Райтер (Қарағанды), Айдос Кенжеғұлов (Орал) екінші және үшінші орындарды иеленді.

Талап Қойбағаров