Мықтыларды анықтадық

17.05.2018

Алматыда Қазақстан үстел теннисі Федерациясының залында еліміздің 2000 және 2003 жылы туылған және одан да жас қыздар мен жасөспірімдерарасында мықты спортшыларды анықтау мақсатындағы дәстүрлі жарыс болып өтті. Бұл турнир, жаттықтырушылардың пікірінше, спорттық жоспарда 56 теннисшінің арасында оңай болған жоқ. Ойын алдында бұдан әрі бір-бірімен барлығы шеңбермен ойнады. Содан кейін (плей-офф) олимпиядалық жүйесіне көшті, бірақ барлық орындаржүлдеге салынды: жеңсең – турнирлік таблицамен жоғары қарай көтерілесің, жеңілсең –төмен қарай түсесің. Алынған орындардың мөлшерінде чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Осындай сайыстарда барлық үш күн бойы тұрақталды және шебер ойын көрсеткендер жеңіске жетеді. 15 – жастағы және одан да жас спортшылар арасында осындай ойын бірінші орынға ие болған Темірлан Кимнің (Қарағанды) және Елена Зубкованың (Астана) қолдарынан келді. Екінші орында Арай Әшкеева (Қарағанды), Әбділмәжіт Харки (Жамбыл облысы), үшінші орында Гүзел Торшаева (Маңғыстау облысы), Артем Сипачев (Қостанай).

Жас-аралығы жоғарғылар тобында қыздар ішінде жалпы жеңіске Сарвиноз Мірқадірова (Оңтүстік-Қазақстан облысы), Анель Бақыт (Алматы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Алсу Сапарова (Батыс Қазақстан облысы), Александра Смирновалар (Қарағанды) үміткер болды, бірақ олардың біреуі де турнир барысында жеңілістен қаша алмады. Алынған орындар мөлшерін есептеуден кейін Сарвиноз көшбасшылық етті, екінші Анель және үшінші Алсу болды.

Жасөспірім ер балалар арасында шеңберлік турнирден соң чемпиондыққа сенімді түрде Сағантай Құрмамбаев (Семей) қадам басты, бірақ плей-оффта жеңіліс тауып нәтижесінде екінші орынды иеленді. Спорт шебері Бақдәулет Әкімәли (Оңтүстік Қазақстан облысы) «олимпиядалық жүйені» жоғарғы дәрежеде ойнады және ол бүгінгі таңда Қазақстанда өз жасаралығында ең мықты болып табылады. Үшінші болған Ырысбек Артұқметов (Оңтүстік Қазақстан облысы).








Талап Қойбағаров