Мықтыларды анықтадық

15.04.2021

Оралда үстел теннисінен 2003 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионатының командалық есебіндегі жүлдегерлер анықталды. Ұлдар арасында қарағандылықтар Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков, Ерғанат Сапар сияқты ойыншылар көзге түсті , олар жартылай финалда алматылықтарды 3:1 есебімен, ал финалда алаң иелерін 3:0 есебімен ұтты. Шымкенттік спортшы қыздар Сарвиноз Мирқадірова, Әнел Бақыт, Аида Үсіпбаева, Сарвиноз Саидмұратханова бірінші орында. Екінші орынды қарағандылық қыздар иеленсе, ал үшінші нәтижені Нұр-Сұлтан қаласының теннисші қыздары көрсетті. Қарағанды облысы құрамасының жаттықтырушысы Александр Брижевскийдің пікірі: "Біздің жігіттер өте оңай түрде чемпион атанды. Алан Құрманғалиев барлық жекпе-жектерде жеңіс ұпайларын берсе, Темірлан Ким - екінші номер, алайда ол қарсыластарының көшбасшыларымен тең дәрежеде шайқасты. Мұндай құраммен біз тек жеңіске жетуге міндетті болдық. Қыздар финалға дейін жетті, шешуші кездесуде олар қолдарынан келгенін жасады, бірақ, еліміздің ұлттық құрамасының мүшелері шымкенттік Сарвиноз Мирқадірова, Әнел Бақыт бізден мықты болып шықты. Жалпы, команданың өнер көрсетуіне мен ризамын".

Ұлдар.

1 орын Қарағанды облысы (Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков, Ерғанат Сапар);

2 орын Батыс Қазақстан облысы (Санжар Жұбанов, Нұрдәулет Нұғай, Болат Ниетқалиев, Дамир Мэлсов);

3 орын Жамбыл облысы (Ескендір Харки, Абдұл-Мәжіт Харки, Темірлан Әбіл, Нұрасыл Мұхат).

Қыздар.

1 орын Шымкент (Сарвиноз Мирқадірова, Әнел Бақыт, Аида Үсіпбаева, Сарвиноз Саидмұратханова);

2 орын Қарағанды облысы (Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина);

3 орын Нұр-Сұлтан (Мәлика Сандыбаева, Алтынай Ержанқызы, Елена Зубкова, Алиса Цвигун).

Қазақстан чемпионаты жеке турнирдегі, жұптық және аралас разрядтардағы матчтармен жалғасады.


Талап Қойбағаров