"Бұрабай" халықаралық шаңғы базасында (Ақмола облысы) 2 400 000 теңге жүлде қорымен "OLIMPBET - BURABAY OPEN" үстел теннисінен турнирі аяқталды. Ерлер арасында да, әйелдер арасында да бірінші орындарды атақты, әйгілі ресейлік спортшылар Анна Тихомирова, Иван Никулин иеленді. Олардың атақтары:
Анна Тихомирова - Ресейдің үш
дүркін чемпионы, 2013 және 2015 жылдардағы Еуропа чемпионаттарының қола жүлдегері,
Лондондағы Олимпиада Ойындарының қатысушысы, халықаралық дәрежедегі спорт
шебері.
Иван Никулин - командалық
есептегі 2022 жылғы Ресей Спартакиадасының чемпионы және жеке разрядтағы күміс жүлдегер,
РФ чемпионатының қола жүлдегері.
Ерлер:
1 орын - Иван Никулин (Ресей, жүлде 500 000 теңге);
2 орын - Ырысбек Артықметов (Шымкент, 300 000 теңге);
3 орын - Сағантай Құрмамбаев (ШҚО, 200 000 теңге);
3 орын - Роман Гилязов (Астана, 200 000 теңге).
Әйелдер:
1 орын - Анна Тихомирова (Ресей, жүлде 500 000 теңге);
2 орын - Динара Қапанова
(Абай облысы, 300 000 теңге)
3 орын - Әлия Жанпейісова (Астана, 200 000 теңге) және Мәлика Сандыбаева (Астана, 200 000 теңге).
Талап Қойбағаров