Мьянма астанасы Нейпьидо қаласында үстел теннисі бойынша жасөспірімдер-кадеттерінің 24-ші Азия Біріншілігі өтуде, командалық жарыстардың бірінші күні жарысқа қазақстандықтар кірісті. Біздің қыздар Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Мірқадырова, Алина Борисюк Малаизия теннисшілерімен ойнап, өкінішті жеңіліске ұшырады 2 : 3. Зәуреш күрделі матчта екінші ракеткалы қарсыласты жеңуде 3 : 0. Сәрвиноз бірінші нөмірге жол берді 1 : 3. Алина малазиялықтың келмеуінен Қазақстанға ұпай әкелді, біз 2 : 1 есепке иелендік. Зәуреш жалпы жеңіске жақын қалды және бірінші партияны ол сенімді түрде аяқтайды 11 : 3. Бұдан әрі кездесу барысында оның қарсыласы 3 : 1 ұтыспен сенімді ойнап, есепті теңестірді 2 : 2. Сәрвиноз мықты күресіп, әрбір доп үшін қарсыласты, алайда бүгін оның күні болмады, 1: 3.
Қазақстан – Гонконг 0 : 3. Сәрвиноз Мірқадірова жеңіліс тапты 1: 3, Алина Борисюк 0 : 3, ал Зәуреш
Ақашева 2 : 3, алайда қорытынды партияда 5 : 2, 6: 4 бола отырып, 12 : 14-пен
жеңілді.
Қазақстан – Шри-Ланка 1:3. Зәуреш Ақашева 3:0, Сәрвиноз Мірқадірова 2 :3, Алина
Борисюк 0 :3, Зәуреш Ақашева 2 :3.
Жас өспірімдер. Қазақстан – Гонконг 0 :3. Қорғаныс түріндегі біздің теннисші Бақдәулет Әкімәлі
Гонконгтың бірінші ракеткашысымен қызықты матч өткізіп 1:3-пен жеңілді. Айдос
Кенжеғұлов өзінің жақсы ойынын көрсете алмады, 1 :3. Ирисбек Артукметов сезімін
жеңе алмады, 0:3.
Жас өспірімдер. Қазақстан – Тайланд 0:3. Айдос Кенжеғұлов 2:3 және бесінші партияны 8:3-пен
аяқтады. Бақдәулет Әкімәлі 1:3, Бейбол Сағын 1:3.
Кадеттер. Қазақстан – Гонконг 0:3. Жеке күрестерде Әнел Бақыт пен Ангелина Романовская 0:3-пен
жеңілді, ал жұптасқан разрядта қытайлықтарға соққы беріп, күресте 2:3-пен жол
берді.
Кадеттер. Қазақстан – Индонезия 1:3. Ангелина Романовская 3:2, Әнел Бақыт 1:3, жұптасқан
кездесу 1:3, Ангелина Романовская 0:3.
Кадеттер. Қазақстан – Тайбэй 0:3. Қызықты ұтыстар, сапалы ойындар да бар, алайда шешуші
кезеңдерде әзірше қарсыластарға жол
берудеміз.
Кадеттер. Қазақстан – Мьянма 3:0. Искандер Харки, Сағынтай Құрмамбаев Азия біріншілігінің
қожайындарын жеңіл ұтты.
Кадеттер. Қазақстан – Үндістан 1:3. Сағынтай Құрмамбаев 3:2, Искандер Харки 1:3, жұптасқан
кездесу 1:3, Сағынтай Құрмамбаев 1:3. Біздің жас теннисшілер мықты ойнады,
тамаша матч, бірақ қарсыластар әзірше күштірек.
Кадеттер. Қазақстан – Корея 0:3. Қызықты әрі тамаша жекпе-жек, Азия біріншілігінің
фавориттеріне қарсылық көрсетті, ал Сағынтай Құрмамбаев кәрістің жүйкесін
тоздырды 2:3.
Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений
Тимченко: «Біздің теннисшілердің
шеберлік деңгейлері ойдағыдай көтерілді, біз мықты командаларға қарсы тұрамыз.
Барлық партияларда есеп айырысудамыз, алайда жеңіс жолында көп еңбек ету керек.
Азия біріншілігінің жеке турнирінде тексергеніміздей жарыс үрдісінде ойын
жақсаруда».
Талап Қойбағаров