Мықты қарсыластар біздің командамызды тексерді

24.04.2018

Ресейдің еуропалық бөлігінің Приволжск биіктігінде орналасқан Пенза – қаласы, Ресей үстел теннисі Федерациясының Суперлига клубтық чемпионатының қорытынды төртінші турына қатысушыларды қабылдады. Владимирлік «Лучтің» спортшылары Пензада бірде бір ойында жеңілмеген, олар 35 ұпаймен бірінші орынды иеленді.«УГМК-УОР» (Верхняя Пышма) ойыншылары да сонша ұпай жинады, алайда олар екі мәрте күндізгі кездесулерде Владимирліктердің өкілдеріне ұтылып қалды. Қола жүлде 34 ұпаймен армейлік самара «ЦСК ВВС» ойыншыларында. Қазақстандық «Астана» клубы 27 ұпаймен (7 жеңіс және 13 жеңіліс) 11 команданың арасында тоғызыншы орында орналасты. Қорытынды кезеңде «Астана» ( Айдос Кенжеғұлов, Александр Герасименко және Эрик Райтер) «ДЮСШ № 6» (Пенза) 3:1, және «Есонт» (Павловский Посад) ойыншыларын 3:1есебімен ұтып, «Локомотивке» (Нижний Новгород)2:3, «Луч» (Владимир) 1:3, «ЦСК ВВС» (Самара) клубтарына 1:3 есебімен ұтылып қалды.

«Астана» теннисшілерінің Ресейдің клубтық чемпионаттарына қатысулары жақсы мектеп, өздерінің жеке мүмкіндіктерін тексеру және тамаша ойын тәжірибесі болып табылады.



Талап Қойбағаров