Мысыр Оңтүстік Африкаға эстафетаны тапсырады

30.09.2020

Дохада (Катар) алғаш рет (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының виртуалды Жыл сайынғы Жалпы Жиналысы (AGM) өтті, оған ITTF президентінің орынбасары Халил Әл-Моханнади, қаржы жөніндегі атқарушы вице-президент Петра Сёрлинг, бас директор Стив Дейнтон, бас хатшы Рауль Калин, бас қаржы директоры Майкл Браун және байланыс жөніндегі директор Мунир Бессах қатысты. ITTF президенті Томас Вайкерт Германиядан жиналыс өткізді. AGM негізгі шешімдері:

- 2023 жылғы әлем чемпионаты ОАР-да (Дурбан қаласы) өтеді. Африка континенті соңғы рет әлемдік форумды 1939 жылы Мысырда (Каир қаласы) өткізген болатын. Мысыр Оңтүстік Африкаға эстафетаны тапсырады;

- Яо Чжэньсю ITTF-тың құрметті мүшесі болып сайланды. Әр жылдары ол Қытай құрамасының менеджері қызметін атқарды, ITTF техникалық комитетінің төрағасы, Қытай үстел теннисі қауымдастығының вице-президенті, 1995 және 2005 жылдардағы әлем чемпионаттарының директоры болды.

- COVID-19-дың ғаламдық үстел теннисіне әсері туралы есеп ұсынылды;

- ITTF-те Трибунал және адалдық мәселелері жөніндегі бөлім құрылды, ол бұрын атқару комитетіне тиесілі сот өкілеттіктерін өзіне алды. Виртуалды жиналысқа Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының бас хатшысы Данил Пак қатысты.


Суретте ITTF-тың Жыл сайынғы Жалпы Жиналысына қатысушылар