Алматы облысының Талғар ауданында АИБА Бүкіләлемдік бокс академиясының спорт кешенінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) басшылығымен үстел теннисі спорт шеберлерінің оқу жаттығу жиындары өтуде: «Жиын сәтті өтуде. Мен әсіресе ризамын, өйткені ойыншылар ынталы және өткендегімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары жүктемелерге шыдамды. Техникалық және психологиялық жағынан қателіктер азайды. Біз алғашқы үш күн ішінде негізгі әлементтерді пысықтаудыжақсы тұрақты деңгейге дейін жеткізіп үлгердік. Бұрын жоғары сенімділік соққыларына қол жеткізу үшін бізге әлдеқайда көп уақыт қажет болатын, онымен қоса соққылардың сапасыда айтарлықтай жақсы деңгейде болмаған еді. Енді ойыншылар доппен және траекториямен жақсы жұмыс істеп үйренді, ал бұл әрбір ойыншының дамуына маңызды қадам болып табылады.
Біз базалық
әлементтер топтамаларын оң және сол жақты оңтайландыруды бастадық, бірінші топс
және допты берудегі қабылдауды сенімділік режимі тұрғысынан пысықтадық. Енді
спортшының тұрысын және аяқ жұмысының техникасын әр байламдарында және әртүрлі
ойын аймақтарында тұрақтандырдық.Егер бұл процесс тез жетілетін болса, онда
жиын соңында біз ойынның толыққанды белсенді деңгейіне сенімділікті жоғалтпай
қол жеткізе аламыз. Әзірге біз осы мақсатқа қарай жылжып келеміз, жаттығу
процесінің менталды бөлігін талқылау және бекіту үшін теориялық сабақтар
өткізудеміз. Біз жалпы физикалық дайындыққа (ЖФД) үлкен назар бөлеміз, онсыз
қазіргі заманғы үстел теннисі мүмкін емес. Мұнда бізге үлкен көмек көрсететін
республика құрамасының ойыншысы Александр Герасименко – ЖФД кәсіби
жаттықтырушысы. Стартта жақсы жұмыс атқарғандары үшін барлық спортшылар мен
жаттықтырушыларға Элмира Әлиева, Дмитрий Переверзев, Евгений Тимченко, Самат
Бейсеновқаалғыс айтқым келеді. Мәреде тағы қосатынымызға үміттімін».