18-20 сәуірде Жамбыл облысының Шу қаласында үстел теннисінен Мұрат Бисеитовты еске алуға арналған VIII ашық республикалық турнир өтеді. Қырғызстан, Қазақстан қалаларының жасөспірімдері мен қыздарының арасында 2010-2011 ж.т. және одан кіші, 2012-2013 ж.т. және одан кіші, 2014 ж.т. және одан кіші санаттары бойынша медальдар мен бағалы сыйлықтар сарапқа салынады.
Талап Қойбағаров