Мүмкіндік әрқашан да бар

26.09.2019

140-мың халқы бар Зренянин қаласында үстел теннисінен Сербияның Ашық біріншілігі өтуде, онда 202 қатысушының арасында қазақстандықтар да бар - Сарвиноз Мірқадірова( суретте), Александра Смирнова, Алан Құрманғалиев. Жасөспірімдер мен қыздар арасындағы турнирде 1/16 финалға жеткен Сарвиноз жақсы нәтиже көрсетті. Өз тобында ол Словакия (3:2), Ресей (3:0), Сербия (3:0) спортшыларынан басым түсті, және біріншіліктің ақтық кезеңіне шығып, венгрлік Дари Хелге 1:4 есебімен жол берді.Алан Құрманғалиев ресейлік қарсыласын 3:2 есебімен ұтып, Словениядан 2:3 және Сербиядан 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Александра Смирнова Сербиядан 1:3 және Ресейден 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Енді біздің теннисшілер командалық турнирде өнер көрсетіп, кадеттермен сынға түседі.

Талап Қойбағаров