Үміткерлер қатары тарылуда

24.11.2019

Алматыда 2008-2009 ж. т. кадеттер арасында үстел теннисінен "Hopes Week" атты республикалық іріктеу турнирі басталды. Біліктілік ойындарынан кейін ұлдардың 12 финалисті және қыздардың 12 финалисті анықталды, олар Орталық Азия елдерінің "Hopes Week" халықаралық жаттығу лагеріне арналған (Ташкент, 22-28 желтоқсан) төрт жолдамаға (2x2) таласады. Жарыстың қорытынды күнінің алдында Нұр-Сұлтаннан Дінмұхаммед Қасенов, түркістандықтар Нұржігіт Жолдыбай және Рамазан Нәзір көшбасшылар қатарына қосылды. Қыздар арасында турнирлік кестедегі бірінші төрт орынды қарағандылықтар Виктория Мочалкина, Дарья Гамова, Дарья Фу, Полина Сиротина иеленді.

Талап Қойбағаров