Үміт күттіретін старт

24.12.2019

Суперлиганың әйелдер командалары арасындағы Ресей үстел теннисі Федерациясы чемпионатының екінші туры Чебоксарда басталды. Қазақстандық TTC "Astana" үш матч өткізіп, екі жеңіске жетті: "Сентябрь" (Сосновый бор, Ленинград облысы) 3:1, "СШОР" (Ногинск) 3:2, "ЦОП-2" (Краснодар) 0:3. Ертең біздің қыздар "Темп" (Ярославль) және мәскеулік "Калинка", "МФНТ-Кадет" клубтарымен ойнайды.

Суретте Әнел Бақыт пен Ангелина Романовская (TTC "Astana").


Талап Қойбағаров