Қадірлі қыз-келіншектер!
8 Наурыз – Халықаралық
әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Көктемнің осы бір шуақты
күнінде адамзатты шексіз сүйіп, шынайы қуана білетін, бұл әлемді нәзіктік пен
мейірімге толтырып, жан дүниесінің кеңдігімен, жүрегінің жылылығымен баурап
алатын әйелдер қауымына деген сыйластығымызды, алғысымызды жеткізуге рұқсат
етіңіздер.
Сіздерге денсаулық, бақыт,
табыс пен қуаныш тілей отырып, бар үміттеріңіздің ақталуына тілектестік
білдіреміз. Жақындарыңыздың қолдауы жан-жүректеріңізді жылыта берсін! Бейбіт
күн мен мейірім тілейміз!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті