Мейрамдарыңызбен!

06.04.2020

Құрметті үстел теннисінің әуесқойлары, құрметті спорт жанкүйерлері!

Бүгін әлемдік спорт қоғамдастығы әлемнің дамуы үшін Халықаралық спорт күнін атап өтуде. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2013 жылы бірауыздан бекіткен бұл мереке біз үшін ерекше мәнге ие - 2015 жылдан бастап бұл күн Дүниежүзілік үстел теннисі күні деп те атап өтіледі. Өткен жылдардың жұмысын бағалай отырып, біздің еліміз әлемдік үстел теннисіндегі өз ұстанымын нығайтқанын сүйсіне атап өткен жөн. Ұлттық құрама команданың спортшылары Тайланд, Үндістан, Оман, Сербия, Эстония және Испаниядағы беделді турнирлерде жеңімпаз атанып, халықаралық спорт аренасында лайықты нәтижелерге қол жеткізуде.

Қазақстан үстел теннисі федерациясының ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, Ұлттық Олимпиада комитетімен және өңірлік дене шынықтыру мен спорт басқармаларымен бірлескен үлкен жұмысы өз нәтижесін беруде: келешегі бар спортшылардың жаңа буыны пайда болуда, спорт мектептерінде және мамандандырылған залдарда үстел теннисі бөлімшелерінің саны ұлғаюда, Қазақстан өңірлеріндегі материалдық – техникалық базалар жабдықталды, облыстық федерацияларды дамытуға ерекше назар аударылуда. Сонымен қатар, бүкіл еліміз бойынша үстел теннисі әуесқойларының саны артып келеді. Және бұл жұмыс жалғасын табады.

СОVID-19 індетіне байланысты, биылғы жылы біз осы күнді - осы спортқа деген сүйіспеншілігімізді бөлісетін отбасы ортасында атап өтудеміз. Біздің үлкен үстел теннисінің отбасына денсаулық пен амандық, біздің спортшылар мен жаттықтырушыларға жаңа спорттық шыңдарды бағындыруды өз атымнан тілеймін!

ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.