Мерейтойыңызбен!

11.03.2026

Бүгін өзінің мерейтойын - үстел теннисінен КСРО спорт шебері, жеке есепте Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Республикалық Спартакиада чемпионы, "Еңбек резервтері" Орталық Кеңесі чемпионатының қола жүлдегері, Әлем чемпионаттарының қатысушысы Елена Переверзева атап өтеді.

Мерейтой иесін туған күнімен Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин құттықтады:

"Құрметті Елена Владимировна! Сіздің мерейтойыңыз күні ең жылы құттықтаулар мен жақсылық пен амандықтың шынайы тілектерін қабыл алыңыз!

Сіз спортқа деген адалдық пен белсенді өмірлік ұстанымның жарқын үлгісісіз. Сіздің спорттық мансабыңыз, жоғары кәсібилігіңіз және үстел теннисіне қосқан баға жетпес үлесіңіз үлкен құрметке ие және жас буын спортшыларына шабыт береді.

Сізге зор денсаулық, сарқылмас қуат, табыс пен амандық тілейміз!»