Мерекелеріңізбен!

23.04.2025

Бүгін, 23 сәуірде Дүниежүзілік үстел теннисі күні атап өтіледі. Бұл түрлі жастағы, елдер мен мүмкіндіктерді біріктіретін мереке. Халықаралық «Әртүрлілік және инклюзивтілік» федерациясының ұранымен ол тағы да: үстел теннисі - жай ғана спорт емес, тең мүмкіндіктер, құрмет пен өзара түсіністік кеңістігі екендігін еске салады. ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, еліміздегі спорттың осы түрін дамытудың негізгі жетістіктерімен бөлісті.

"Қымбатты достар!

Сіздерді Дүниежүзілік үстел теннисі күнімен құттықтаймын! Үстел теннисі - жай ғана спорттық пән емес. Бұл барлық жастағы адамдар мен әлеуметтік топтарды біріктіретін табысқа жетудің қызықты жолы. Біздің Федерация бұл жол әрбір қазақстандыққа қолжетімді болуы және ең жоғары деңгейде дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Соңғы жылдары біз айтарлықтай жетістіктерге жеттік. Қазақстанда тұрақты негізде 400 жаттықтырушының басшылығымен 10 мыңнан астам спортшы шұғылданады.

Біз спортшылар мен үстел теннисін сүйетіндер үшін инфрақұрылымды кеңейтуді жалғастырудамыз. Бүгінгі күні Астана, Алматы (2 орталық), Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Қызылорда және Талдықорған қалаларында үстел теннисінің қазіргі заманғы 11 орталығының құрылысы аяқталды. Бұл еліміздің өңірлері үшін сапалы жаттығу жағдайларына қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған тағы бір маңызды қадам. Осы спорт нысандарының арқасында бізде республикалық және халықаралық жарыстар, сондай-ақ шет елдердің спортшыларының қатысуымен оқу-жаттығу жиындарын өткізу мүмкіндігі бар.

Айта кету керек, әрқашан біздің жұмысымыздың ортасында жаттықтырушылардың қолдауы болған. 2022 жылдан бастап біз стипендиялық бағдарламаны іске асырамыз, оның аясында еліміздің 17 облысынан және республикалық маңызы бар үш қаладан 20 жаттықтырушы ай сайын төлем алады. Бұл біздің бүкіл Қазақстан бойынша мамандарды қолдаудың тұрақты жүйесін құруға қосқан үлесіміз. Біздің бастамаларымыз бұқаралық үстел теннисін дамытуға да бағытталған. «Балабақшадан үстел теннисі» бағдарламасы 3000-нан астам баланы қамтиды. Секциялар Астана, Ақтөбе қалаларының, сондай-ақ Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының мектепке дейінгі мекемелерінде ашылған. Алдағы уақытта аталған жобаның географиясын кеңейту жоспарланып отыр.

Қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы табыстары қуантады. 2021-2024 жылдар аралығында қазақстандық спортшылар түрлі турнирлерде 110 медаль жеңіп алды. Сонымен қатар, «WTT Youth Contender Almaty» және «WTT Contender Almaty» сияқты халықаралық жарыстардың табысты өтуінің арқасында Қазақстан үстел теннисінің әлемдік аренасындағы өз орнын барған сайын нығайтып келеді.2024 жылы Қазақстан үстел теннисінен XXVII Азия чемпионатын өткізу орнына айналды, бұл біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін маңызды оқиға болды. Біздің Федерация Азия мен әлемде үстел теннисін дамытуға бағытталған бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеуге белсенді қатысады.

Қазақстандық мамандар халықаралық құрылымдарға кіреді. Мәселен, халықаралық санаттағы төреші Тимур Ходжаев Азия үстел теннисі одағының (ATTU) техникалық және төрешілік комитетінің мүшесі болып сайланды.

Қазақстанда спорттың осы түрін дамыта отырып, біздің ортақ мақсаттарымызға қарай жоспарлы түрде алға жылжып келе жатқанымызды атап өтемін. Алда үлкен және жауапты жұмыс тұр. Федерацияның жоспарында ауқымды жобаларды іске асыру бар.

Мен бұл процеске қатысушылардың барлығына: жаттықтырушыларға, спортшыларға, төрешілерге, ұйымдастырушыларға, сондай-ақ өңірлерде бізді қолдайтындарға алғыс айтамын. Сіздің күш-жігеріңіз, еңбегіңіз бен жанқиярлығыңыз Қазақстандағы үстел теннисін барған сайын танымал әрі табысты етеді.

Баршамызға мерекелеріңізбен! Бұл күн жаңа жеңістер мен жетістіктерге шабыт берсін! "