"Алау" мұзайдыны сарайы (Нұр-Сұлтан қ.) өз алаңында үстел теннисінен Ұлттық Мектеп Лигасы (ҰМЛ) бағдарламасы бойынша финалдық турнирге қатысушыларды қабылдады. Командалық жарыстар 5-6, 7-8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, төрт кезеңде өтті: мектепішілік, аудандық, қалалық/облыстық, республикалық (финалдық). ҰМЛ мақсаты:
- Қазақстан оқушылары арасында үстел теннисін танымал
ету;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- оқу орны бойынша жарыстарға қатысу;
- болашағы бар теннисшілерді анықтау.
Шымкенттің жас теннисшілері 5-6 сыныптар арасында да, 7-8
сыныптар арасында да чемпион атанды:
№120 мектеп, Нұрислам Қасым,
Бағдәулет Саурбай, Руана Шымкентбай, Томирис Қосар (жаттықтырушысы Нұрлан
Оразбаев).
№ 94 мектеп, Ербек Әбезов,
Нұртай Сыдық, Анель Арыстан, Диасбек Тұрғынов (жаттықтырушылары Дастан
Нармантаев, Әділет Қауымбаев).
Талап Қойбағаров