Медальсіз, бірақ жүлделермен

04.02.2020

Ганджинде (Оңтүстік Корея) Австралия, Бельгия, Голландия, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Перу, Малайзия, Моңғолия, Жапонияның жасөспірімдер-кадеттерінің қатысуымен үстел теннисінен оқу-жаттығу жиыны мен "XIOM Кубогы" атты халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан командасының жаттықтырушысы Татьяна Ким әңгімелейді: "Ганджинге сапарымыз біз үшін өте пайдалы болды. Әр күн сайын кәсіби мамандардың басшылығымен жақсы жағдайда жаттығып, әлемдік, азиялық үстел теннисі көшбасшылары - жапон, корей спортшыларымен спаррингке түстік. Ойынның деңгейі мен сапасын жақсарттық, біздің теннисшілеріміздің шеберлігінде айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Бұл қуантады. Халықаралық турнирде өнер көрсетіп, жеке, командалық жарыстарда қызықты, тартысты кездесулер өткіздік. Алан Құрманғалиев, Санжар Жұбанов "XIOM Кубогының" финалдық бөлігіне жетті, ал Александра Смирнова, Темірлан Ким жұбаныш финалында шайқасты. Медальдар жеңіп алған жоқ, бірақ кубокты ұйымдастырушылардан арнайы сыйлықтар алды".

Суретте Жапония мен Қазақстанның жас ракетка шеберлері


Талап Қойбағаров