Алматыда «Оңтүстік астана» атты үстел теннисінен халықаралық турнирінде алтын, күміс және қола медальдеріне үміткерлер анықталды. Әйелдер арасында чемпиондық титул үшін Зәуреш Ақашева (Қазақстан) және Кәмила Халикова (Өзбекстан) сайысқа түседі. Екі теннисшіде өз кіші топтарында қарсыластарын жеңіп шықты, содан кейін жарыстың финалдық бөлігінде, бірінші орынға шығу ойынында Анастасия Лавровадан (Қазақстан) және Мархабо Мағдиевадан (Өзбекстан) басым түсті, тиісінше оларда өз араларында қола жүлдені сарапқа салатын болады.
Ерлер арасындажартылайфиналдық жұптар мынадай болып
орналасты:Кирилл Швец – Илья
Исаков, екеуіде Ресейден, Денис Жолудев (Қазақстан) – Илья Жидков (Ресей).
Жартылайфиналдың жеңімпаздарын чемпиондық матч күтіп тұр.
Илья Жидков, 2015 жылғы
Свердловск облысы құрамасының құрамындағы Ресей чемпионы : « Мен Алматыға бірінші рет
келіп тұрмын және маған сіздерде қатты ұнады. Әдемі қала. Турнир тамаша ұйымдастырылды,
барлық ұсақ-түйегіне дейін ойластырылған. Ойнаған қарсыластар, алған беттерінен
оңай қайтпайды жартылайфиналға жету үшін өте қиын болды. «Оңтүстік астана»
турнирін жеңем деп үміттенемін. Менің тілейтінім? «Оңтүстік астана» өзінің
шекара аймағын кеңейте берсін және осында алыс шетелдерден спортшылар келсін».
Кәмила Халикова, Өзбекстан
чемпионатының жүлдегері, Латвия халықаралық турнирінің жеңімпазы: « Мен бесінші рет «Оңтүстік
астана» турниріне қатысып отырмын және Алматыға қуана-қуана келемін. Биылғы
жылы сәтті ойын көрсетудемін, финалға жеттім және Зәуреш Ақашеваға қарсы жақсы
ойын көрсете аламын деп үміттенемін. «Оңтүстік астана» гүлдене берсін деп
тілеймінжәне 2019 жылы
Алматыға тек Ресей, Өзбекстаннан ғана емес, басқа елдерден де спортшылар
келетін болады деп үміттенемін».
Талап Қойбағаров