Үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты Қарағандыда басталды. Алғашқы екі күн дәстүрлі түрде командалық турнирге берілді, мұнда 13 әйелдер мен 15 ерлер құрамасы жарысуда. Бүгін олар кіші топтарда матч өткізді, медаль үшін жекпе-жекті жалғастыратын "үздік сегіздікті" анықтады. Өткен жылдың чемпиондары Батыс Қазақстан облысының спортшы қыздары Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының қарсыластарынан сенімді түрде басым түсіп, жартылай финалда Нұр-Сұлтанмен кездеседі.
Спорт шебері, Батыс Қазақстан командасының көшбасшысы Гүлчехра Құсейінова әңгімелейді: "Өткен
жылғы чемпиондық құрам бізде сақталды - бұл Алсу Сапарова, Гаухар Алмағамбетова,
Аружан Бекіш, Аружан Ілияс және біз тек алтын медальға ғана дайындалдық. Қыздар
жақсы еңбектенді, 2020 жылдың сәттілігін қайталағылары келеді".
Шымкент - Қарағанды құрамаларының екінші жартылай финалдық
матчы үлкен қызығушылық тудыруда, онда ойын алаңына ел құрамасының көшбасшысы Зәуреш
Ақашева (Қарағанды), ұлттық құрамамыздың мүшелері Әнел Бақыт (Шымкент),
Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), болашағы зор теннисшілер Александра Смирнова (Қарағанды),
Арай Әшкеева (Қарағанды) шығады. Жартылай финалда жеңілген "қола" жүлдені
қанағат тұтатын болады, ал жеңімпаз финалда "алтын" жүлдені ұтып алуға
мүмкіндік алады.
Ерлер арасында бірінші күннің қорытындысы бойынша барлық
ширек финалдық жұптар белгілі болды: БҚО - Қостанай, Нұр-Сұлтан - ШҚО, Шымкент
- Жамбыл облысы, Алматы - Қарағанды.
Шымкент қаласы құрамасының аға жаттықтырушысы Ердәулет Оразбаев: "Өткен жылы
ерлер құрамасы екінші орынға ие болды және сол нәтижені жақсартуға
тырысамыз".
Талап Қойбағаров