Әлемнің 39 елінен келген 320 спортшы бүгін Годонин қаласында аяқталған жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы (Junior & Cadet Open) үстел теннисінен Чехияның ашық чемпионатында өнер көрсетті. Бұл премиум дәрежесінің турнирі, және онда Қазақстанның атынан Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент), Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Әнел Бақыт (Шымкент), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы) ойнады. Жасөспірімдер мен кадеттер бойынша республика құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченконың пікірі:
"Қатысушылардың өте өкілді құрамы – олардың әрқайсысы өз елдерінің жетекші атлеттері. Мықты қарсыластармен өткен көптеген матчтар. Жеңіс пен жеңілістерге үлкен еңбекпен қол жеткізілді, жақсы, сапалы ойын көрсетілді. Алан Құрманғалиев жақсы ойын көрсетті, ол біліктіліктен өтті, өз қарсыластарының жасы үлкен болғанына қарамастан "32" – ге кірді. Сарвиноз Мірқадірова да қуантты (суретте). Ол ширек финалға жетіп, медальға бір қадамда болды – тек француздық ойыншыдан 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Жаттықтырушылар құрамы да Дмитрий Левенко, Александр Брижевский жақсы жұмыс істеді. Біздің спортшыларымыздың деңгейі өсіп келеді, бұл қуантады. Одан әрі тынымсыз еңбек етеміз".
Талап
Қойбағаров