Медаль өте жақын болды

09.10.2024

Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер құрамасы жартылай финалға шықпады және осы күндері Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының медалін жеңіп ала алмады. Ширек финалда біздің қарсыластарымыз Үнді спортшылары болды -құрлықтық чемпионаттың бес дүркін қола жүлдегерлері.

Қазақстан-Үндістан 1:3.

Кирилл Герасименко - Манав Таккар 0:3.

Қазақстан құрамасының көшбасшысы көптеген қателіктер жіберді, кездесудің алғашқы минуттарынан бастап Манав Таккарға бастаманы беріп қойды және жанкүйерлер үшін күтпеген жерден құрғақ жеңілді.


Алан Курмангалиев - Хармит Десаи 3:0.

17 жастағы Алан чемпионатта жарқын өнер көрсетуде, керемет жекпе-жектер өткізіп, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетеді.


Айдос Кенжигулов - Шарат Камал 0:3.

Шарат Камалдың жоғары шеберлігі мен орасан зор халықаралық тәжірибесі оған жеңіс әкелді.


Кирилл Герасименко - Хармит Десаи 2:3.

Теннисшілер бес партия ойнады: 1:0, 1:1, 2:1, 2:2, 2:3 және Қазақстан құрамасы медальсыз қалды.


Талап Қойбағаров