Үстел теннисінен еліміздің ашық командалық чемпионатының III туры Астанада, Алматыда, Өскеменде аяқталды. Үш күндік жарқын, тартысты жекпе-жектер соңғы турдың көшбасшыларын анықтады.
Суперлига:
1 орын "Қарағанды-1",
2 орын "Altay Pro" (Өскемен), 3 орын "Alga Express"
(Алматы).
2-ші лига:
1 орын TTC
"Astana", одан кейінгі орындарда "Allur" (Қостанай) және
"Масаншы жолбарыстары" (Жамбыл облысы).
3-ші лига:
Көшбасшы -
"Арыстан" (Орал), одан кейін Екібастұз (Павлодар облысы), ASM
(Бішкек, Қырғызстан).
4-ші лига:
Командалардың
бірінші үштігі: ТТС "Astana 2", "Marten" (Түркістан),
Тараз.
5-ші лига:
Ең мықты үштік
- "Dolina" (Ферғана, Өзбекстан), "Kaysar" (Қызылорда),
"Inventors" (Алматы).
IV-ші, финалдық
тур желтоқсан айында өтеді және онда 2023 маусымының чемпиондары, жүлдегерлері
анықталады.
Талап Қойбағаров