Мазасыз жәй-күй

28.03.2019

Дохада (Катар мемлекеті) үстел теннисінен Әлемдік турдың элиталық («платина») кезеңі өтіп жатыр,онда әлемнің барлық мықты спортшылары жиналды.Әлемнің бірінші ракеткасы Фан Жендонгтың (ҚХР) дәлелді себептермен болмауына байланысты, қазіргі Олимпиада чемпионы Ма Лонг (ҚХР) және 2018 жылғы Гранд-финалдың иегері Томоказу Харимото (Жапония) жеңіске жетуге жақсы мүмкіндік алады.Жүлде қоры 300 000 АҚШ доллары.Катар Ашық чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері наурыздың соңғы күнінде белгілі болады.

Біздің Кирилл Герасименко корейлік Ким Минхекпен ойнап(суретте), 3:4 есебімен жеңіліп қалды.Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) пікірі: «Кирилл сет бойынша 3:2, 3:0 және 7:5 есебімен алдыда болған, бірақ соңына дейін белсенді ойнаған жоқ.Шешуші жетінші сетте 5:2 есебімен алда болды,бірақ тәсілді ұстануды тоқтатты.Көптеген өз қателіктері болды.Омандағысияқты Кириллдің бірінші матчта проблемалары бар, тек онда қарсыласыжеңілірек болған еді.Менің ойымша, ол екінші матчты жақсы ойнауға мүмкіндігі бар еді. Мазасыз жәй-күй. Барлық мәселелерді ескере отырып, біз 5-7 сәуір аралығында жапонияның Йокогама қаласында өтетін Азия Кубогына дайындықты бастадық».

Талап Қойбағаров