Маттиас Фальктың екі ұпайы «Werder» клубын жеңілістен құтқармады

07.12.2020

Үстел теннисінен Германияның қазіргі чемпионы "Saarbrücken-ТТ" клубы (Саарбрюккен қ.) Бременнің "Werder" клубын құрамындағы Кирилл Герасименкомен бірге Саар жерінің әкімшілік орталығында қабылдады. Матч өте жауапты болды, өйткені осы ойынның жеңімпазы турнирдің кестесінде үшінші орынға көтеріліп, 2020/2021 жылғы Бундеслиганың плей-офф кезеңіне шығу үшін күрестегі өз позициясын нығайтты. Бремендіктердің көшбасшысы Маттиас Фальк (Швеция, суретте) өзінің жекпе-жегін өте жақсы өткізді, ол "Werder" клубының қоржынына екі маңызды ұпай салды және команда бойынша жолдастары Кирилл Герасименконы (Қазақстан), Марсело Агиррені (Италия), Хунор Сечті (Румыния) қатты қолдады. Өкінішке орай, бүгін «Werder» клубы өз қарсыласына 2:3 есебімен ұтылып қалды.

Шан Кун («Saarbrücken») - Кирилл Герасименко («Werder») 3:0;

Патрик Франциска («Saarbrücken») - Маттиас Фальк («Werder») 1:3;

Дарко Йоргич («Saarbrücken») - Марсело Агирре («Werder») 3:0;

Шан Кун («Saarbrücken») - Маттиас Фальк («Werder») 1:3;

Патрик Франциска/Томаш Полански («Saarbrücken») - Марсело Агирре/ Хунор Сеч («Werder») 3:0.

Талап Қойбағаров