Мақсаты айқын, міндеттері анықталған

06.11.2019

Нұр-сұлтанда қалалық үстел теннисі Федерациясы мүшелерінің конференциясы өтті, онда Президент болып Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, "Global Expert" Басқарушы директоры Абзал Екрамбекұлы Сағымбаев сайланды: "Ұзақ уақыт болмаған соң қалалық Федерация құрылып, оның жемісті жұмыс істеуі үшін іске кірісу қажет. Нұр-сұлтан қаласында республикалық, халықаралық жарыстарға, Азия, Әлем чемпионаттарына қатысу тәжірибесі бар жаттықтырушыларымыздың, спорт шеберлерінің білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын қолданатын боламыз. Бірінші кезектегі міндеттер: бұқаралық үстел теннисін дамыту және сабақтарға қол жеткізу үшін жағдай жасау; жұмыс істейтін спортшыларға спорттық разрядтар беру; барлық жас категорияларында оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және өткізу".

Талап Қойбағаров