Мақсаттар мен міндеттер анықталды

11.06.2022

Нұр-Сұлтанда қалалық үстел теннисі федерациясының конференциясы өтті, онда қоғамдық ұйымның президенті болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі Руслан Мағзұмов сайланды. Оның жоғары кәсібилігі, ұйымдастырушылық қабілеті елордадағы үстел теннисінің дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Айта кету керек, Руслан Қапызұлы бәсекеге қабілетті ұжымды басқарды, оның спортшылары кез-келген дәрежедегі жарыстарда сәтті өнер көрсетуде, ал 2022 жылғы Қазақстан чемпионатында төрт алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

Талап Қойбағаров