Солтүстік Қазақстан облысында үстел теннисінен жаңа аға жаттықтырушы – ол Владимир Лагутцев, ҚР спорт шеберіне үміткер, СҚО және Петропавл қаласының бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионаттарының, ел кубоктарының қатысушысы. Владимир Сергеевичті өміріндегі жаңа кезеңмен құттықтаймыз және сенімді бастама тілейміз.
Владимир Лагутцев:
«Рахмет! Жоспарларға келетін болсақ - облыста үстел
теннисін дамытуға үлкен көңіл бөлу, тәлімгерлерді даярлау және олардың біліктілігін
арттыру. Мен жаттықтырушылар құрамымен, жас спортшылармен танысамын және олардың
техникалық дайындығын бағалап, оларға аға буын тәжірибесін беру қажет.
Республикалық Федерациямен белсенді ынтымақтастық, семинарлар мен
конференцияларға қатысу.
Теннисшілерді спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз
етуге, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, солтүстік қазақстандықтардың ҚР
чемпионаттарында, жарыстарда табысты өнер көрсетуіне ерекше назар аудару керек.
Барлық теннисшілер Петропавлдағы үстел теннисі орталығының
құрылысы аяқталуын асыға күтуде, бұл біздің сүйікті спорт түріне аймақта жаңа
серпін береді».
Талап Қойбағаров