Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының бұйрығымен үстел теннисінен аға жаттықтырушы болып Махатай Рамазанұлы тағайындалды, ол аймақтағы ең танымал кіші ракетка шебері - ардагерлер арасында Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері, Испаниядағы, АҚШ-тағы әлемдік біріншіліктердің қатысушысы. Үстел теннисінде 59 жыл: 2011 жылдан бастап балаларды қоғамдық бастамаларда жаттықтырса, 2016 жылдан бастап БЖСМ-де тәлімгер ретінде жаттықтырады. "Шаңырақ" (Алматы) Мектеп-интернат-колледжі үшін бірқатар дарынды спортшыларды дайындады.
Махатай Рамазанұлы:
"2021 жылдың 29 наурызы облыстық теннис тарихына алтын әріптермен жазылды -
дәл осы күні алғаш рет еліміздің жасөспірімдер чемпионатында маңғыстаулықтар Арман
Ханзада, Әлімжан Бақыт, Мугтасим Бақыт, Родион Уклеин командалық есепте қола
медаль жеңіп алды. Енді мен және менің әріптестерім Қазақстанның оңтүстік-батысы
үстел теннисінен республикадағы көшбасшылардың қатарында болуы үшін бар күшімізді
саламыз".
Талап Қойбағаров