Мақсат - аймақта үстел теннисін насихаттау және дамыту

27.05.2026

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов өңірдің үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды. Мұндай шешім Жезқазғанда өткен Федерацияның құрылтай жиналысында қабылданды.

Алмаз Серікболұлы Федерация қызметінің негізгі бағыттарын белгіледі:


- балаларды, жастарды және ересектерді үстел теннисінің тұрақты сабақтарына тарту, бұқаралық іс-шараларға жәрдемдесу;

- спорттық резервті қалыптастыру-перспективалы спортшыларды ерте кезеңдерде анықтау және олардың жоғары жетістіктер спортына көшуіне жағдай жасау;

- облыс құрама командаларының республикалық және халықаралық турнирлерге қатыстыру;

- қалалық және облыстық чемпионаттарды ұйымдастыру, өткізу;

- материалдық-техникалық базаны жақсарту болып табылады.


Талап Қойбағаров