14-16 тамыз аралығында Ақтау қаласының БЖСМ-нің теннис орталығында үстел теннисінен Mangystau CUP II-ші ашық республикалық турнирі өтеді. Астана, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан 200-ден астам спортшы келесі жас санаттарында өнер көрсетеді:
2011-2013 ж. т.
2014-2016 ж. т.
2017 ж. т. және одан кіші.
Барлық қатысушылар тек
жекелей сында сайысқа түседі.
"Mangystau CUP"
турнирінің мақсаты - балалар мен жастар арасында үстел
теннисін дәріптеу, дарынды ойыншыларды анықтау, олардың шеберлігін
арттыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайту және физикалық қасиеттерін
дамыту.
Талап Қойбағаров

