1 мамырда Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Атқарушы комитеті COVID-19 жағдайын талқылады. Жаһандық жағдайдың мұқият мониторингі үшін құрылған мақсатты топтан есеп алғаннан кейін келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- Іс-шараларды тоқтату кезеңі 2020 жылдың шілде айының соңына
дейін ұзартылды;
- Ардагерлер турнирлері 2020 жылдың соңына дейін тоқтатылды;
- Пусандағы (Оңтүстік Корея) командалық әлем чемпионаты
туралы шешім 2020 жылдың маусымында қабылданады;
- ITTF атқарушы комитеті 2 маусымда қайта жиналады.
Талап
Қойбағаров