Ұлытау өңіріндегі ұзақ мерзімді жоспарлар

09.09.2023

Ұлытау облысының үстел теннисі Федерациясының төрағасы болып - "Арай" ЖШС құрылтайшы директоры, Сәтбаев қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы - Марат Егінбайұлы Бекмағанбетов сайланды. Құттықтаймыз және сәттілік, жарқын жеңістер тілейміз!

Облыс 2022 жылғы 8 маусымда құрылды. Үстел теннисі секциялары "Спортты дамыту орталығында" (Жезғазған қ.), ОРОМБЖСМ-де (Жезқазған қ.), БЖСМ-де (Сәтбаев қ.) жұмыс істейді. Статистикаға сәйкес, облыста осы олимпиадалық спорт түрімен 100-ден астам адам айналысады, төрт жаттықтырушы бар. "АК" (Жезқазған қ.), "Oina tennis" (Сәтбаев қ.) үстел теннисі клубтары жұмыс істейді.

Федерацияның жоспарында - құрал-жабдықтар, Қазақстанның басқа өңірлерінен келген командалармен матчтық кездесулер және оқу-жаттығу жиындарын өткізу.