Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен Өтен Жоламан Таңатұлына (Маңғыстау облысы) "Ұлттық санаттағы судья" төрешілер санаты берілді.
Жоламан
2020 жылдан бастап спорт төрешісі. Облыс біріншілігінен, жасөспірімдер арасындағы
жарыстардан бастап, жастар арасындағы Қазақстан чемпионаттарының жетекші төрешісі
болды. "WTT Youth Сontender
Almaty 2023", "WTT Youth Contender Almaty 2024", "WTT Сontender
Almaty 2024", "WTT Contender Almaty 2025" халықаралық турнирлеріне төрелік етті.
"Ұлттық санаттағы судья"
судьялық санатын беруімен құттықтаймыз. Қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауға,
әрқашан әділ шешімдер қабылдауға, сарқылмас энергияны сақтауға және жаңа кәсіби
шыңдарды бағындыруға тілектеспіз.
Талап Қойбағаров

