Үлкен жоспарлар

18.08.2020

Қарағанды облысының үстел теннисі федерациясының қамқорлығымен еліміздің кеншілер астанасында "Қарағанды" кәсіби клубы құрылды, ол өз қызметін жоғары жетістіктер спортында да, облыс және қала тұрғындары арасында шағын ракетканы танымал етуде де жүргізуді жоспарлап отыр. "Қарағанды" құрамында республиканың ұлттық, жастар, жасөспірімдер құрамаларының мүшелері Зәуреш Ақашева, Владислав Захаров, Эрик Райтер, Анастасия Лаврова, Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Александра Смирнова, Әмір Торғайбеков, Арай Ақашеева, Жанерке Көшкімбаева сияқты ойыншылар бар. Болашақта клубты Қазақстан мен Ресейдің командалық чемпионаттарында табысты өнер көрсету үшін шетелдік жаттықтырушы, легионер спортшылар күшейтуі тиіс. Жолдарыңыз оңынан болсын, "Қарағанды"!

Суретте "Қарағанды" клубының спорт шеберлері Зәуреш Ақашева мен Алан Құрманғалиев.


Талап Қойбағаров