Қызылорда облысының үстел теннисі федерациясының төрағасы болып еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек Ері, облыстың Құрметті азаматы Абзал Жұмашұлы Ералиев сайланды.
Үстел теннисінде осы өңірдің спортшылары Қазақстан чемпионаттарында, біріншіліктерінде жоғары нәтижелермен мақтана алмайды, сондықтан Федерацияның жаңа төрағасы жаттықтырушылар ұжымымен бірлесіп теннисшілердің шеберлігін арттыру, республикалық деңгейдегі турнирлерде табысты өнер көрсету, әуесқойлар мен кәсіпқойлар арасында қалалық, облыстық жарыстар өткізу жөнінде орасан зор жұмыс атқаруы тиіс. Сондай-ақ, спорттық инфрақұрылымды дамытуға және үстел теннисімен айналысатындардың санын көбейтуге ықпал ету жұмыстары күтіп тұр.
Сәттілік тілейміз!
Талап Қойбағаров