Лисаковскідегі үстел теннисі залы

23.12.2024

Қостанай облысының Лисаков қаласының әкімі Абай Ибраев салтанатты жағдайда жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайтын үстел теннисі залын ашты, онда алты кәсіби үстел, заманауи спорттық жабдықтар мен мүкәммал бар. Мұнда барлығы қатыса алады.

Қазақстанның түкпір-түкпірінде жыл сайын арнайы залдар, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жанындағы үстел теннисі бөлімшелері ашылуда және республикалық үстел теннисі федерациясы осы бағытта белсенді жұмыс істеуді жалғастыруда.


Талап Қойбағаров