Сингапурда үстел теннисінен "Singapore Smash" 2 миллион доллар жүлде қоры бар турнир басталды. 7-9 наурызда біліктілікте 64 ер және 64 әйел спортшылар ойнайды, ал жарыстың негізгі желісі 11-19 наурызда Сингапур спорт орталығындағы OCBC аренасында өтеді.
World Table Tennis басқарушы директоры Мэтт Паунд:
"Сингапурдың алғашқы "Singapore Smash" турнирі өткен жылы үстел теннисіне өз көкжиегін
ашқан болатын және біз өз іс-шарамызды жаңа биіктерге көтеруге қуаныштымыз. Бұл
турнирге әлемнің үздік ойыншылары қатысады, ал жас дарындар оларды сайысқа шақырады".
Қазақстанның атынан Сингапурда Кирилл Герасименко мен Зәуреш
Ақашева өнер көрсетеді. Біздің спортшыларға сәттілік!
Талап Қойбағаров