Әлемнің ең үлкен бөлігінің чемпионаты

27.08.2019

Гонконг, Үндістан, Иран, Қытай, Корея, Малайзия, Таиланд, Тайбэй, Түркменістан, Сауд Арабиясы, Сингапур, Филиппин, Жапония және Қазақстан 2-7 қыркүйек аралығында Моңғолия астанасында өтетін жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен жеке-командалық Азия чемпионатына өз спортшыларын Ұлан-Батырға жібереді. Барлық қатысушылардың саны 168. Бақдәулет Әкімәли (Шымкент), Сағантай Құрмамбаев (Семей), Темірлан Ким (Қарағанды), Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Санжар Жұбанов (Орал), жаттықтырушы Татьяна Ким (Қарағанды) Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Талап Қойбағаров