18-23 ақпан аралығында Өскеменде 2006 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді, онда командалық турнирде, жеке, жұптық және аралас разрядтарда (микст) медальдар ойналады.
Жарысқа қатысушылардың арасында Алан Курмангалиев (Қарағанды) бар - ол миксте жастар арасындағы әлем чемпионы, жеке есептегі қола жүлдегер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Талап Қойбағаров