Әлем чемпионатының медаль иегерлері анықталды

24.05.2025

Катарда, үстел теннисінен әлем чемпионатында барлық медаль иегерлері анықталды. Осылайша аралас разрядта алтын медальдар үшін жапондықтар Махару Ёсимура/Сацуки Одо (Жапония) және қытайлықтар Ван Чуцин/ Сунь Инша (Қытай) сайысқа түседі. Осы қашықтықта үшінші орын алғандар Вонг Чун Тин/Доо Хой Кем (Гонконг), Лим Джонхун/ Шин Юбин (Корея).

Жеке, жұптық разрядтарда жанкүйерлерді жартылай финалдық матчтар күтеді, онда жеңілгендер қола медаль алады, ал жеңімпаздар финалда ойнайды.

Ерлер, жеке разряд, жартылай финалдық жұптар.

Лян Цзинкунь (Қытай) - Уго Кальдерано (Бразилия)

Ван Чуцин (Қытай) - Трулс Морегард (Швеция)


Әйелдер, жеке разряд, жартылай финалдық жұптар.

Мима Ито (Жапония) - Сунь Инша (Қытай)

Чен Синтун (Қытай) - Ван Манью (Қытай)


Ерлер жұптық разряды, жартылай финалдар.

Алексис және Феликс Лебрун (Франция) - Лин Юн-Джу/Као Чэн-Жуй (Тайбэй)

Хирото Синозука/Сюнсуке Тогами (Жапония) - Флориан Буррассо/Эстебан Дорр (Франция)


Әйелдер жұптық разряды, жартылай финалдар.

Бернадетт Сёч/София Полканова (Румыния/Австрия) – Шин Юбин/Рю Ханна (Корея)

Мива Харимото/Мию Кихара (Жапония) - Ван Манью/Куай Мэн (Қытай).


Осы чемпионатта ағайынды Алексис және Феликс Лебрундар (Франция) өте жарқын, үйлесімді ойын көрсетуде.

Үш дүркін Олимпиада чемпионы Сунь Инша (Қытай) Катарда жоғары дәрежелі үш медаль жеңіп алуды жоспарлап отыр және осы мақсатына сенімді түрде келе жатыр.

Қазіргі әлем кубогының иегері Уго Кальдерано (Бразилия) құрмет тұғырына сенімді түрде жақындап келеді.


Талап Қойбағаров