Әлем чемпионатының екі жүлдесі

12.12.2022

Тунисте (Солтүстік Африка) үстел теннисінен 19-шы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, ол Қазақстан үшін ең табысты болып тарихқа енеді. 15 жасар қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) Хана Годамен (Мысыр) бірге аралас жұптық разрядта әлем чемпионы атанып, жеке есепте қола медаль жеңіп алды. Құттықтаймыз!

Эльмира Әлиева: "Біз бағдарламаның үш түрінде өнер көрсеткен Туниске барар алдында екі медаль жеңіп алуды мақсат етіп қойдық және Аланмен осы мақсаттарды орындағанымызға қуаныштымын.

Жаттығу залында үлкен жұмыс атқарылды, "WTT Contender" беделді турнирлерінде өнер көрсеттік, ойын тәжірибесі жинақталды, әлемдік рейтингті жақсарттық және қорытынды нәтиже ретінде - Қазақстанға әлем чемпионатының медальдарын алып келе жатырмыз.

Республикалық үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Рүстемұлы Әбілғазинге, Қарағанды облыстық Федерациясының төрағасы Жеңіс Махмұдұлы Қасымбекке жан-жақты қолдағандары үшін зор алғысымды білдіргім келеді".


Тунистен Талап Қойбағаров.