23 қарашада Хьюстонда (АҚШ) үстел теннисінен жеке әлем чемпионаты басталады, оған 120 ер адам мен 118 әйел адам қатысады. Қазақстан намысын Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан) қорғайды. Ел құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко (Нұр-Сұлтан) бірқатар объективті себептер бойынша әлемдік теннис форумында өнер көрсетпейді.
Жарыс плей-офф форматында өтеді, яғни ұтылып қалды-шығып қалды.
Жеребе тасталғаннан кейін біздің спортшыларымыздың қарсыластары анықталды:
Зәуреш Ақашева (Қазақстан) - Даниели Риос (Пуэрто-Рико),
Анастасия Лаврова (Қазақстан) - Андрея Драгоман
(Румыния).
Қазақстандықтарға сәттілік!
Талап Қойбағаров