Әлем чемпионатына перспективамен

25.04.2019

Павлодарда, Будапешттегі әлем чемпионатымен қатар, 2004 ж. т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтуде. Жарысқа 22 жасөспірімдер құрамалары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және 12 өңірден 20 қыз бала қатысады. Командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: Қарағанды облысының жігіттері павлодарлықтарды 3:0 есебімен жеңді және бірінші орынға ие болды (Алан Құрманғалиев, Темірлан Ким, Әмір Торғайбеков). Күміс жүлде Павлодар облысының ойыншыларында (Әділ Хазкен, Аманкелді Әмір, Әмірәли Қабдылуахитов, Әлішер Жапаров), қола Алматы ойыншыларында (Мирас Бекназаров, Дәмір Қыстаубаев, Ченян Ши, Данян Ши).

Қыздар финалы өте қиын болды. Үздік команданы анықтау үшін Шымкент, Қарағанды теннисшілері бес кездесу өткізді. Есеп 3:2 оңтүстіктен келген ойыншылардың Сарвиноз Мірқадірова, Аида Үсіпбаева, Сарвиноз Саидмұратханова, Алина Еркінбек пайдасына шешілді. Екінші орында Александра Смирнова, Жанерке Көшкімбаева, Виктория Мочалкина, Альбина Жақсылықова. Нұр-Сұлтан спортсмендері құрмет тұғырының үшінші сатысына көтерілді (Мәлика Сандыбаева, Алтынай Ержанқызы, Алиса Цвигун, Алина Шайхина).

Алда аралас, жұптық разрядтарда, жеке есепте медальдар ұтысы бар.