Астана әкімі Женис Касымбек пен Қазақстан үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Абулгазин 2027 жылы Астанада өтетін Әлем чемпионатына және (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының саммитіне дайындықты талқылады, оның шеңберінде Бас Ассамблеяның, Атқару Комитетінің отырыстары және басқа да іс-шаралар өтеді.
Кеңес барысында үйлестіру штабын құру, жұмыс жоспарын әзірлеу мәселелері қаралды. Республикалық Федерация серіктестермен бірлесіп бұл тұрғыда белсенді жұмыс жүргізуде – инфрақұрылым жақсаруда, ал спорт нысандары мен қонақ үйлер әлемдік біріншілікті өткізуге дайын.
Талап Қойбағаров

