Әлем чемпионаты.Финалдың 1/16 бөлігі

22.06.2018

Лас-Вегаста ардагерлер арасында өтіп жатқан үстел теннисінен 19-шы әлем чемпионаты аяқталып келе жатыр.Эльмира Зайнабудинова (АҚШ)сәтті ойын көрсетті, ол Алматы қаласының тумасы, спорт шебері, 1995 жылғы Қазақстанның абсолюттік чемпионы, еліміздің жұптық разрядтағы бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан құрамасының сапында Азия, әлем чемпионаттарына қатысушы. Біліктілікте Эльмира Канада, Германия, Корея теннисшілерін ұтып, финалдың 1/16 бөлігіне шықты, онда жігерлі және әдемі шайқаста қытайлық Zheng Quixua-дан жеңілді. Телефон арқылы сөйлескен кезде Эльмира Зайнабудинова мынаны айтты: «Мен өзімнің жаттықтырушым Оспанова Айман Сәткімбайқызына менімен жасаған жұмыстары үшін алғысымды айтамын. Үстел теннисі маған жаңа достар табуға көмектесті, сонымен қатар күшті болуға, қиын жағдайларда мойымауға және қарсыластарыма құрметпен қарауды үйретті».

Талап Қойбағаров