Әлем чемпионаты баға береді

19.04.2019

Гданьск қаласында (Польша) Анджей Грубба атындағы үстел теннисі орталығында 21-28 сәуір аралығында Будапештте өтетін әлем чемпионатының алдында Қазақстанның кіші ракеткасы шеберлерінің бес күндік дайындық жиыны аяқталды. Біздің құраманың аға жаттықтырушысы Дмитрий Переверзев әңгімелейді: «Жиын сәтті өтті, таңертең 3 сағат, түскі астан кейін 2,5 сағат жаттықтық. Спарринг-серіктестері 21 жасқа дейінгі Польша жастар чемпионатының және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлері болды. Залға сондай – ақ польшалық экстра-класс Лигасына, Бірінші лигаға қатысушы үлкен теннисшілер де келді, олармен де спарринг өткізілді. Ойын сәттерінің беру және алу тәсілдерін пысықтадық, жаттығу залына үнемі барып отырдық. Қазақстандық спортшылармен бірге Әлем чемпионатына Норвегия құрамасынан екі спортшы да дайындалды. Оқу-жаттығу жиынында турнир өткіздік, онда Тимур Келбұғанов жеңімпаз атанды, ал Денис Жолудев екінші орынға ие болды. Поляк әріптестерімізге жиында тамаша жағдайлар туғызғандары үшін рахмет айтамын, және қазақстандық теннисшілердің әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетуіне үміттенемін».

Суретте: Қазақстан, Польша және Норвегияның кіші ракетка шеберлері Анджей Грубба атындағы үстел теннисі Орталығында.


Талап Қойбағаров