Шымкентте Суперлига клубтары арасында үстел теннисінен Қазақстан ашық чемпионатының соңғы турының үшінші кезеңі басталды. "Жетісу" (Алматы облысы), "Шолақ-Терек (Қостанай облысы), "Астана", ЦПОР (Шымкент), "Хван Ман Гым-1" (Өзбекстан), "Ақтөбе", "Альянс" (Бішкек), "Қостанай", "Қазаэронавигация" (Нұр-сұлтан қ.), "Қарағанды-1" қатысады. Кейбір командалар турнирлік кестедегі жағдайды жақсарту үшін өздерінің қатарына тәжірибелі титулды - легионерлерді тартуда. Ақтөбе үшін командалық есепте Ресей чемпионы, РФ Кубогының қола жүлдегері Илья Березин, жастар арасындағы Ресей чемпионы, РФ Кубогының қола жүлдегері Руслан Алчимбаев өнер көрсетеді. Қостанайға "Шолақ-Теректе "командалық есепте РФ чемпионы, XX Халықаралық "Оңтүстік астана" турнирінің жеңімпазы Илья Жидков тіркелді. "Астана" туы астында жастар арасындағы РФ спартакиадасының чемпионы ракетканы виртуозды меңгеретін, Ресей біріншілігінің қола жүлдегері Артем Панченко мен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Павел Лукьянов өнер көрсетеді. Мұндай теннисшілер біздің чемпионатты айтарлықтай көркейтеді.
Жұма күні ойын шегіне жетті "Ақтөбе" - "Астана" (4:3):
Илья Березин – Артём Панченко 1:3
Деас Мархабаев – Павел Лукьянов 3:2
Руслан Алчимбаев – Александр Герасименко 3:2
Герасименко 0:3
Деас Мархабаев – Артем
Панченко 0:3
Илья Березин-Александр
Герасименко 3:1
Руслан Алчимбаев-Павел Лукьянов 3:1.
"Ақтөбемен" бірге "Жетісу" (Денис Жолудев, Тимур Кельбұғанов, Бекұлан Жамал, Мейіржан Толсубаев) жеңіліссіз келеді.
Чемпионат жалғасуда.
Талап Қойбағаров