Жаздың соңғы күні үстел теннисінен неміс бундеслигасының үшінші турында Бергнойштадт қаласында жергілікті "TTC Schwalbe" клубы бремендік "Werder" клубымен кездеседі. Екі клуб та жеңіс қуанышын әлі білмеген және турнирлік кестеде 10-11 орындарда орналасқан. Қазақстандық Кирилл Герасименко ("Werder") 14 күндік карантиннен аман-есен шығып, Маттиас Фальк, Хунор Сеч, Марсело Агирремен бірге шайқасқа ұмтылуда. Сәттілік!
Талап Қойбағаров