Лас-Вегастағы супер турнир

03.07.2025

Линь Шидун (ҚХР, әлемдік рейтингте № 1), Ван Чуцинь (ҚХР, № 2), Уго Кальдерано (Бразилия, № 3), Харимото Томокази (Жапония, № 4), Лян Цзинкунь (ҚХР, № 5), Трулс Морегард (Швеция, № 6), Феликс Лебрун (Франция, № 7), Лин Юн-Джу (Тайбэй, № 8), Дарко Йоргич (Словения, № 9), Сян Пэн (ҚХР, № 10) Лас-Вегаста (АҚШ) 3-13 шілде аралығында өтетін "United States Smash" үстел теннисінен супер турнирге қатысады. Жүлде қоры 1 550 000 АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандық Кирилл Герасименко өз өнерін біліктіліктен бастайды және оның қарсыласы Мартин Аллегро - Бельгияның үш дүркін чемпионы.


Талап Қойбағаров